Қызылорда облысының атынан бір команда екінші лигада бақ сынауы мүмкін. Бұл жайында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Бағдат Кәленов "Қайсар" командасының жаңа маусымға арналған баспасөз мәслихатында айтып өтті.
Екінші лигада былтыр "Байқоңыр" командасы бақ сынады.Жеңімпаз атанды. Олар биыл бірінші лигада бақ сынайды. Енді облыс атынан екінші лигада қай команда бақ сынайтын болады? Әзірге "Алпамыс" командасы осындай ниетін білдіріп отыр. Бұл ұжым өткен жылы облыс біріншілігінде үшінші орын алған еді.