Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

"Қайсар" жастары маусымды ірі жеңіспен бастады

"Қайсар" жастары маусымды ірі жеңіспен бастады.

 

«Қайсар-Д» – «Жетісу-Д» 3:0
Голдар: Думан Нәрзілдаев, 11. Ислам Рахметов, 25. Думан Нәрзілдаев, 65.
«Қайсардың» қосалқы құрамы жаңа маусымды тамаша бастады. «Локомотив» стадионында Талдықорғанның «Жетісу» командасын қабылдаған жерлестеріміз қонақтарды 3:0 есебімен үйлеріне қайтарды.
Ойын бірден тартысты басталды. Төрешінің алғашқы ысқырығы естіле салысымен қарсыласының кілтін іздей бастаған алаң иелері оныншы минутта-ақ есеп ашты. Жомарт Жұмабаевты шалып жыққаны үшін айып добы белгіленген болатын. Думан Нәрзілдаев «теңбіл снарядты» тура қақпаның тоғыздығына қадады. Осымен Қанат Шерімбетов шәкірттерінің шабуылдары тоқтап қалған жоқ. Үзілістке санаулы минуттар қалғанда Самат Балымбетов тағы бір айып соққысын орындады. Бірақ бұл жолы доп қорған құрған қорғаушылардан серпіліп кетіп, гол соғатын тамаша мүмкіндік уысымыздан шығып бара жатқандай көрінген. Алайда, ширақтық танытқан Ислам Рахмето дер кезінде қажетті жерден табылып, допты баспен қақпаға түрте салды.
Үшінші гол үзілістен кейін соғылды. Қарымта шабуылдың нәтижесінде Думан Нәрзілдаев тамаша ашылған. Дегенмен, іркіліп қалғандай көрінген еді. Сөйтсек, көздегені бар екен. Отыз бес метрдей жерден қақпаға қақырата теуіп, бағанадан сәл ғана төмен тұсты тесіп өтті.
Осылайша өздеріне өте сенімді ойнаған «Қайсар» жастары жаңа маусымды сәтті бастап, алғашқы жеңістеріне қол жеткізді.
Осы турдағы өзге ойын нәтижелері төмендегіше:
«Қайрат» — «Тобыл» 0:1 
«Қайсар» — «Жетісу» 3:0 
«Астана» — «Оқжетпес» 2:0 
«Ордабасы» — «Ертіс» 0:0 
«Тараз» — «Шахтер» 0:0 
«Ақтөбе» — «Атырау» 0:1 

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: