Биыл бірінші лигада ойнайтын "Қайсарға" кімдер келуі мүмкін? Бүгінгі күні қызылордалық жанкүйерлерді осы сауалдар мазалайды. Сейхун-инфо. кз ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Босния және Герцоговина елінің футболшысы Градимир Црнограц үстіміздегі жылы "Қайсарға" келуі мүмкін.
Дегенмен, ол "Маған әзірге ешқандай ұсыныс түскен жоқ. Егер ұсыныс түссе, оған келісім беремін" дейді.
Г.Црногорац 1982 жылдың 14 қарашасында дүниеге келген. Қорғаныс шебінде ой найды. Тузла қаласында дүниеге келген. Футболшылық өмірін 1999 жылы «Слобода Тузла» командасында бастаған. 2001 жылы «Будучность Бановичи» командасына ауысқанымен, келесі жылы қайтадан туған қаласына оралды. 2004 жылы Данияның «Раннерс» клубына келіп, бұл елде төрт жылдай доп тепті. «Раннерстен» кейін АБ командасының намысын қорғады. 2006 жылы ол ресейлік мамандардың көзіне түсіп, Нижний Новгорд қаласының "Спартагымен" келісім-шартқа отырды. Дегенмен, келесі жылы қайтадан өз еліне оралды. Бірнеше жыл бойы «Слобода Тузла» командасында ойнады. 2011 жылы алдымен "Атырау", одан кейін
«Қайсарда» ойнады. Қызылордалық ұжымда 2012 жылы да ойын көрсетті. Ал 2013 жылы Боснияның «Звезда» (Градачац) командасымен келісім-шартқа отырды.