Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

ПРЕЗИДЕНТТІК СЫНАМА ҚАБЫЛДАУ АЙЛЫҒЫ ӨТІП ЖАТЫР

ПРЕЗИДЕНТТІК СЫНАМА ҚАБЫЛДАУ АЙЛЫҒЫ ӨТІП ЖАТЫРАталмыш шара облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасы жанындағы спорттық ұжымдар арасында өтуде. 
Оған басқармаға қарасты он жеті ұжымнан 400-ге жуық қызметкер қатысуда. 
Бүгінгі таңда он мекеменің қызметкерлері 60, 100, 1000, 2000 және 3000 метр қашықтыққа жүгіру, орнынан ұзындыққа секіру, кермеге тартылу, 50 метр жүзу, граната лақтырудан сынға түсті. Енді қалған жеті мекеме 25 маусымға дейін тапсырады. 
Бұдан кейін президенттік сынама облыстағы жалпы білім беру мектептері, колледж және жоғарғы оқу орындары, мемлекеттік мекеме, департамент, комитет қызметкерлерінің қатысуымен жалғасады. Президенттік сынама айлығы қараша айына дейін созылады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: