Facebook VK WhatsApp Instagram

Спорт

0

«ҚАЗАҚСТАН» EURO-2016 ТУРНИРІНІҢ ЖЕРЕБЕ ТАРТУ РӘСІМІН КӨРСЕТЕДІ

«ҚАЗАҚСТАН»  EURO-2016 ТУРНИРІНІҢ ЖЕРЕБЕ ТАРТУ РӘСІМІН КӨРСЕТЕДІ12 желтоқсан күні Парижде футболдан 2016 жылғы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңінің жеребе тарту рәсімі өтеді. Ресми шараны «Қазақстан» Ұлттық телеарнасы сағат 23:00-де тікелей эфирде көрсетеді. Сонымен қатар, жеребе тарту рәсімінің трансляциясы 13 желтоқсан күні сағат 10:25-те «Kazsport» телеарнасында қайталанады.
Айта кетейік, «Қазақстан» РТРК» АҚ EURO-2016 турнирі трансляциясын Қазақстан Республикасының аумағына эксклюзивті тарату құқығына ие. Корпорация Еуропа чемпионатын кең көлемде көрсетуді жоспарлауда. Барлық матчтар «Қазақстан» және «Kazsport» телеарналарының тікелей эфирінде көрсетіледі. Сонымен қатар, турнир туралы «Road to France» атты 15 арнайы жоба көрсетіледі. Аталмыш 15 фильмнің үшеуі – Корпорацияның өз өнімі болады.
Еуропа чемпионаты «Қазақстан» және «Kazsport» телеарналарындағы «Таңшолпан», «Бүгін жексенбі», «Sport.kz» және басқа да бағдарламалар аясында қамтылмақ. Аталмыш шара бірінші рет корпорацияның 14 аймақтық арналарында кең көлемдегі ақпараттық демеуге ие болады.
Еске сала кетейік, футболдан 15-ші Еуропа чемпионаты 2016 жылдың 10 маусымы мен 10 шілдесі аралығында Францияның 10 қаласында өтеді. Финалдық турнирде алғаш рет 24 команда ойнайды.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: