«Қайсардың» сынағына Гвинея-Бисау құрамасының ойыншысы келді.
Африка құрлығындағы Гвинея-Бисау құрамасының ойыншысы Проспер Менди «Қайсардың» Түркияда өтіп жатқан оқу-жаттығу жиынына келді.
26 жастағы қорғаушы Проспер Менди мансабының басым бөлігін еуропалық клубтарда өткізген. Олардың қатарында франциялық «Монтфермейл», норвегиялық «Стремсгодсет», бельгиялық «Виртон» және болгариялық «Спартак Варна» бар.
Еске салсақ, бұдан бұрын «Қайсардың» Түркиядағы оқу-жаттығу жиыны басталды.
Сондай-ақ, «Қайсардың» қаралымына Буркино-Фасо құрамасының ойыншысы келді.