Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Тұрсынбай Құлахмет 2020 жылдың үздік боксшысы атанды

MTK Global промоутерлік компаниясы 2020 жылғы үздік боксшыларды анықтады. Дауыс беру қорытындысы бойынша компанияның "Ең үздік шетелдік боксшысы" атағы қазақстандық Тұрсынбай Құлахметке бұйырды,- деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 
Кәсіпқой боксқа Құлахмет жазда ауысты. Ол екінші кездесуінде-ақ бірінші орта салмақтағы WBC International белбеуіне таласып, британдық боксшы Маклей Макгоуэнді жеңді. 
Құлахмет әуесқой бокста 2019 жылғы Азия чемпионы. Сонымен қатар ол Қазақстан құрамасы сапында әлем чемпионатының қола жүлдегері атанған. 

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: