Сербиялық жартылай қорғаушы Вук Митошевич бүгін "Қайсардың" таңғы жаттығуына келіп қосылды.
29 жастағы ойыншы "Қайсардың" жанкүйерлеріне етене таныс. 2015 жылы Вук қасқырлардың намысын Премьер-лигада қорғаған еді. Одан кейін "Ақтөбе" командасында да ойнады.
Вуктың "Қайсарға" дейінгі соңғы клубы сербиялық "Радник" командасы.