Ағымдағы жылғы маусым айының 26 маусым-6 шілде аралығында Қостанай қаласында жасөспірімдер арасында ауыр атлетикадан Қазақстан чемпионаты болып өтті. Чемпионатқа еліміз бойынша 300 жуық ауыр атлетшілер жиналып, бақтарын сынады.
Республикалық сайысқа Шиелі ауданынан барған 12 спортшының 8 жүлдемен оралды. Әртүрлі салмақ дәрежелері бойынша қоржындарына 2 алтын, 1 күміс, 5 қола медальдарін алған жеңімпаздарды аудан әкімі Қайратбек Әубәкірұлы қабылдап, спортшыларды құттықтады. Жалпы ауыр атлетика түрі ауданда 2003 жылы қолға алынып, жұмыс жасауда. Жасаған еңбектің бірте-бірте нәтижесі еселеніп, спортшыларымыз бірқатар жетістіктерге қол жеткізді. Бүгінгі күнде 100 жуық жас буын өкілдері спорттың осы түрімен шұғылдануда.