Желтоқсанның 23 күні "Арыстан" үстел теннисі клубында Облыс әкімінің кубогы үшін үстел тенисінен облыстық ашық біріншілік өтті.
Аталмыш шараны облыстық мәдениет және спорт басқармасының басшысы Мира Қазбекова ашып, "Үстел теннисі" федерациясының президенті, ҚР еңбек ері Абзал Ералиев құттықтау сөзін арнады. 17 жасқа дейінгі ұл-қыздар және ересек ұл-қыздар арасында өткен біріншіліктің бұл алғашқысы. Сондай-ақ бұл шара болашақта дәстүрлі түрде өтетін болады.
Облыс аудандарынан жүзге жуық спортшы бақ сынаған жарыстың нәтижесінде -