LG Electronics компаниясы екі дүркін Олимпиада чемпионы (Бейжің-2008 және Лондон-2012) және ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы (2005, 2006, 2011, 2014 жж.) Илья Ильинмен ынтымақтастықты бастағанын хабарлады.
Илья Ильин LG компаниясының Қазақстандағы ресми тұлғасы болады және маркетингтік және жарнамалық науқандарына қатысады.
«Біз Илья Ильинмен ынтымақтастықтың басталғанын хабарлауға қуаныштымыз. Ол - өзінің есімін спорт тарихына мәңгілікке жазған әлемдік ауқымдағы жұлдыз, көрнекті ауыратлет. Илья біздің «ақылды» техника және инновациялық шешімдер қабылдау, көшбасшылық және елге қызмет ету ұмтылыстарымызға дем береді. Жоғары рухани құндылықтар: отбасы, патриотизм, болашақ ұрпаққа қамқорлық Ильяның да, LG компаниясының да басты ұстанымы. Кәсіби одақта біз бірге гүлденген және салауатты қоғам құру ісіне сүбелі үлес қоса аламыз», - деді LG Electronics Almaty Kazakhstan компаниясының президенті Хосоп Канг.
«Мен LG компаниясымен бала күнімнен таныспын, оның сапасына, жоғары технологиясына және қолайлылығына әбден сенімдімін. Осындай құрметті компаниямен ынтымақтасқаныма бақыттымын және жоғары технологияларды дамыту үдерісінің бөлшегі болғанымды мақтан етемін», - деді екі дүркін Олимпиада чемпионы және ауыр атлетикадан төрт дүркін әлем чемпионы Илья Ильин.
LG Electronics, Inc компаниясы тұтыну электроникасы, ұялы байланыс және тұрмыстық техника саласындағы әлемдік көшбасшы. Кәсіпорынның бүкіл әлемде 113 кеңсесі және оларда жұмыс жасайтын 87 мың қызметкері бар.