2012 жылы 11 қыркүйекте Швецияның "Sydsvenskan" газетінің 14-бетіне суретім шыққан еді. Бірақ ары қарап тұрмын..
Златан Ибрагимович түлеп ұшқан шағын қаланың стадионында Швеция және Қазақстан құрамалары кездескен. Әлем чемпионатының електік кезеңі аясындағы осы ресми кездесуден бір күн бұрын әдеттегідей баспасөз жиыны өткен болатын. Ұлттық құраманың сол кездегі бас бапкері өзімен бірге Шмидтгаль мен Сидельниковті ертіп келген еді. Сол кезде швед журналистері менің басымдағы қалпағыма (басымдағы мұраққа) қызығып, суретке түсіре беріпті.
Баспасөз жиыны біткен соң бір-екеуі келіп, аты-жөнімді, қайда істейтінімді толық жазып алған... Осы ретте жаңа бір бастама бастау жөнінде ұсыныс тастағым келіп отыр. Бәлкім, мұны Флешмоб дейсіздер ме өз еріктеріңіз. Үстіңе бір шелек су құйғаннан маңызды ма деп ойлаймын.
Шет елге шыққан әріптестерім, міндеті түрде қазақтың бір ұлттық киімін (шапан, қалпақ, тақия, камзол, сәукеле және т.б.) алып барып, сонымен суретке түсіп, Фейзбукке салыңыздар...