Үстіміздегі жылдың 18-23 мамыры күндері «Евразия» СК гандболдан әйелдер арасында Қазақстан чемпионатының супер лига ойындарының 5-ші туры басталады.
Оған «Іле» (Алматы обл.), «Астана» ГК, «Алматы» ГК, «Алтай» СК (ШҚО), Қостанай қ., спорт мектебі және «Сейхұн ҚАМ-ҚМУ» (Қызылорда обл.) командалары қатысады.
Бесінші тур қорытындысы бойынша 1-4 орынды иеленген командалар финалдық ойындарда бақ сынасады. Жарыстың соңғы туры 7-14 маусымда Алматы қаласында өтеді.
Жарысты ұйымдастырушылар: ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, ҚР гандбол федерациясы, Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы.