Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Ауданда жүріп кәсіби футболшылар дайындаған бапкер

Ауданда жүріп кәсіби футболшылар дайындаған бапкерЖаңақорған ауданында футбол спортының дамуына өз үлесін қосқан Тұрсынхан Мұсаев саладағы сіңірген ерен еңбектері үшін бірқатар медальдармен марапатталды. 
Аудан әкімдігінің мәжіліс залында өткен салтанатты жиынға облыс орталығынан сала басшылары келді. Бірінші кезекте облыстық футбол федерациясының вице-президенті Б.Көшербаев «Қазақстан футболының 100 жылдығы» төсбелгісін Т.Мұсаев ағамыздың кеудесіне тақты. Ал, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының құрылғанына 60 жыл толуына орай «Басқармаға 60 жыл» атты медальді Т.Мұсаевқа басқарманың бөлім басшысы Ж.Оспанов табыстады. 
Айта кетейік, Тұрсынхан Мұсаев өмірінің жиырма жылға жуық уақытын аяқдоп саласын өрістетуге арнап, жас жеткіншектерді спортқа баулыған. Футболға деген құштарлығының арқасында бас бапкерлік жолында біршама шәкірттер дайындаған. Бүгінде ағамыздың шәкірттері А.Әлайдаров «Қайсар» футбол клубының бас қақпашысы, 2 шәкірті «Қайсар» жастар футбол клубының ойыншылары. Өзінің ұлы Жомарт Мұсаевта Қазақстан студенттік құрама командасының капитан командасы болып, бірқатар Еуропа мемлекеттерінде еліміздің намысын қорғаған.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: