Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Қызылордада әлем чемпионының жүлдесіне арналған веложарыс ақталды

Қызылордада әлем чемпионының жүлдесіне арналған веложарыс ақталдыҚызылорда қаласында 26-30 сәуір аралығында велоспорттан Әлем чемпионы, КСРО-ға еңбегі сіңген спорт шебері Марат Сатыбалдиевтің жүлдесі үшін 1999-2000 жылдары туылған жасөспірімдер арасында республикалық көпкүндік веложарыс аяқталды.
Қызылорда облысында велосипед спортын жандандыру, жасөспірімдердің спорттық шеберлігін арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау, талантты спортшыларды анықтау мақсатында ұйымдастырылған турнирге Алматы қаласы, Алматы, Ақмола, Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Павлодар, Қостанай және Қызылорда облыстарынан 106 велошабандоз қатысты. Веложарыс биыл алтыншы мәрте өткізілді. Жарыста «Ең жас велошабандоз» номинациясы бойынша қызылордалық Бауыржан Жаппар, «Ең белсенді велошабандоз» Олжас Баембаев (Талдықорған қ.), «Жеңіске деген ынтасы үшін» Нұржан Іргебай (Қызылорда обл.) марапатталды. 
Бес күнге созылған веложарыстың қорытындысы бойынша 
1-кезең 4 шақырымдық жекелей жарыста: 
I орын Игорь Чжан (Алматы обл.)
II орын Даниил Марухин (Қостанай обл.)
III орын Олжас Баембаев (Алматы обл.)
2-кезең 24 шақырымдық жұптық жарыста: 
I орын Игорь Чжан (Алматы обл.)
Олжас Баембаев (Алматы обл.)
II орын Глеб Брусенский (Алматы обл.)
Евгений Федоров (Алматы обл.)
III орын Андрей Адольф (Қостанай обл.)
Даниил Марухин (Қостанай обл.)
3-кезең 54 шақырымдық топтық жарыста: 
I орын Дмитрий Ваинт (Жамбыл обл.)
II орын Нұрберген Нұрлыхасым (Жамбыл обл.)
III орын Ғабиден Әзен (Қызылорда обл.)
4-кезең 24 шақырымдық командалық жарыста: 
I орын Алматы облысы
II орын Жамбыл облысы
III орын Алматы қаласы велоклуб 
5-кезең 14 шақырымдық критериумда: 
I орын Даниил Марухин (Қостанай обл.)
II орын Дмитрий Ваинт (Жамбыл обл.)
III орын Арслан Сануар (ОҚО)
4 кезеңнің қорытындысы бойынша жекелей жалпы есепте: 
I орын Игорь Чжан (Алматы обл.)
II орын Олжас Баембаев (Алматы обл.)
III орын Глеб Брусенский (Алматы обл.)
Жалпыкомандалық есепте: 
I орын Алматы облысы
II орын Жамбыл облысы
III орын Алматы қаласы
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: