Қазақстан футбол федерациясының Төрешілер және инспекторлар департаменті Премьер-лиганың 4-турында қызмет ететін төрешілер алқасын бекітті.
Теміртауда өтетін «Шахтер» - «Қайсар» кездесуінде бас төрешінің қызметін оралдық қазы Денис Тевяшов атқарса, оған қапталда астаналықтар Әлібек Әубәкіров пен Сергей Попов көмектесетін болады. Ал ойын 21 наурызда Астана уақытымен сағат 16:00-де басталады.
Төрешілер: Денис Тевяшов (Орал), Әлібек Әубакіров, Сергей Попов (екеуі де – Астана)
Резервтегі төреші: Андрей Марсал (Қарағанды)
Дубльдік ойынның бас төрешісі: Эльвира Нурмустафина (Теміртау)