Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы аясында, БАҚ қызметкерлері арасында шағын футболдан Қармақшы ауданы әкімінің кубогы сарапқа салынды.
Бірінші рет ұйымдастырылған турнирге республикалық, облыстық, қалалық телеарналардан, баспасөз өкілдерінен барлығы 7 команда қатысты. Жеребе тасталғаннан кейін командалар екі топқа бөлінді.Теңбіл доп додасында «Қоғам ТВ», «Меншікті тілшілер», «Қазақстан-Қызылорда», «Жас тілшілер», «Баспасөз қызметі», «Сыр медиа» және Қармақшы ауданынан «Қаламгерлер» командасы өзара шеберлік байқасты.Турнирдің ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Ә.Қошалақов сөз сөйлеп, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Тартысты өткен турнирде «Сыр медиа» командасы топ жарса, екінші орынға «Қазақстан-Қызылорда», үшінші орынға «Меншікті тілшілер» командасы тұрақтады. Сондай ақ ойында жақсы өнер көрсеткендер «Үздік шабуылшы», «Үздік ойыншы», «Үздік қорғаушы» және «Үздік қақпашы» номинацияларымен марапатталса, жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері аудан әкімінің кубогы мен бағалы сыйлықтарын иеленді.