Қызылорданың «Байқоңыр» командасы Қазақстан Бірінші лигасының аясындағы 9-тур ойынын өткізді. «Локомотив стадионында турнир көшбасшыларының бірі Теміртаудың «Болат» командасын қабылдаған жерлестеріміз 0:3 есебімен ұтылып қалды.
Бұған дейін «Байқоңыр» өз алаңында қақпасына бірінші таймда бірде бір гол жібермеген болатын. Түзде де бір-ақ рет бірінші таймда қақпаларынан доп алып шығуға мәжбүр болған. Бұл жолы жолымыз болмады. Матч басталысымен қарқындылығын көрсеткен қонақтар үзіліске дейін екі гол соғып, екінші таймда тағы бір нәтижелі шабуыл ұйымдастырды. Қорытынды есеп – 0:3. «Байқоңыр» енді келесі ойынын 21 маусым күні түзде «Екібастұзға» қарсы өткізеді.