Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

"Байқоңыр" Өскеменде жеңіліп қалды

 "Байқоңыр" Өскеменде жеңіліп қалды"Байқоңыр" 17-турда сырт алаңда Өскеменнің "Востогымен" кездесті. Аталмыш ойында жерлестеріміз 1:2 есебімен қарсыласына жол берді.
«Восток» – «Байқоңыр» 2:1 (0:0)
Голдар: Арғымбаев 59 (1:0), Рүстемов 64 (1:1), Эрбес 77-пенальти (2:1)
Төреші: Московченко (Павлодар)
12 қыркүйек. Өскемен. «Восток». 500 жанкүйер.
Есепті алдымен алаң иелері ашты. Өскемендік команда сапынан Айдар Арғымбаев 59 минөтте біздің қақпаны дәл көздеді. Арада 5 минөт өткенде "Байқоңыр" ойыншысы Ерболат Рүстемов таразы басын теңестірді. Өкінішке орай, жерлестеріміз бұл есепті ойын соңына дейін ұстап тұра алмады. Төреші 77-минөтте белгілеген пенальтиді Вячеслав Эрбес сәтті пайдаланып, өз командасына жеңіс сыйлады. Есеп 2:1.
Айта кетелік, "Восток" турнир кестесінде бірінші орында келеді. Ал "Байқоңыр" 13 команда арасында 10-орында тұр. Алғашқы айналымда екі команда 2:2 есебімен тең ойнаған еді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: