Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАР ЕРТЕ ОЯНАТЫН БОЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚТАР ЕРТЕ ОЯНАТЫН БОЛДЫ6 ақпан күні И.Ильин саябағында көпшіліктің қатысуымен гимнастикалық жаттығулар өткізді.
Оны Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен, «Эрудит» фитнес орталығы, "Оян Қызылорда" және Қызылорда еріктілер спорттық қозғалысы ұйымдастырды. 
Алғашқы мәрте ұйымдастырылған шараға 5 жастан 70 жас аралығында 100-ге жуық қала белсенділері қатысты. Айта кетейік, бұл шара И.Ильин саябағында және Әйтеке би көшесінде орналасқан Казкоммерцбанк алдындағы спорт алаңында айына екі мәрте өтетін болады. Келесі гимнастикалық жаттығулар 20 ақпанда "Казкоммерцбанк" алдындағы спорт алаңында өту жоспарлануда. "Барлықтарыңызды саламатты өмір салтын ұстануға, шынығуға шақырамыз! Өмірдегі ең басты байлығымыз – деніміздің саулығын ешқашан ұмыт қалдырмайық!" делінген облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: