Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

"Қайсар" "Оқжетпесті" жеңе ме?

"Қайсар" "Оқжетпесті" жеңе ме? "Қайсар" біріншіліктің екінші турында Көкшетаудың "Оқжетпес" командасымен кездеседі. Бұл екі команда арасындағы біріншілік және Кубок ойындарындағы 33 кездесу болмақ.
Қуаныштысы, екі ұжым арасындағы жекпе-жек барысында "Қайсардың" қоржыны қомақты. Жерлестеріміз 20 ойында олардан басым түскен. Ал 7-де таразы басы тең түссе, 5-де "Оқжетпес" үш ұпайды олжалады. Қызылордалықтар барлығы 54 доп соқса, өз қақпасынан 22 доп алып шықты. 
Атап кетерлігі, екі команда Премьер-лига ойындарында соңғы рет 2012 жылдың 26 шілдесінде кездескен. Бұл ойын 2:2 есебімен тең аяқталды. "Қайсар" 2009 жылы Көкшетаудан олжалы қайтып, оларды 1:0 есебімен тізе бүктірген еді. Соңғы бес кездесуде жерлестеріміз "Оқжетпестен" жеңілмей келеді. 
Айтпақшы, бұл кездесу Астана қаласындағы "Астана-арена" стадионында өткізіледі. Көкшетаудағы стадионның дайын болмауы себепті осындай шешім қабылданған.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: