Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

ШАХМАТТАН ҚАЗАҚСТАН КУБОГЫ БАСТАЛАДЫ

ШАХМАТТАН ҚАЗАҚСТАН КУБОГЫ БАСТАЛАДЫ18-24 мамыр аралығында Қызылорда қ. А.Махамбетовты еске алуға арналған шахматтан жасөспірімдер арасында ҚР Кубогының I кезеңі басталады.
Биыл 5-ші мәрте ұйымдастырылатын жарысқа Астана, Алматы қалалары мен Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Павлодар, Қостанай, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды және Қызылорда облыстарынан 100-ден аса шахматшы қатысады. 
Ел кубогына 10 және 14 жасқа дейінгі жасөспірім ұлдар мен қыздар шеберлік байқасады. Жарыс швейцар жүйесі бойынша 9 турда өтеді. Әр ойыншыға 2 сағаттан беріледі. 
Сондай-ақ, 22 мамыр сағ. 17.00-де халықаралық гроссмейстерлер, Қазақстанда бірінші рейтинг бойынша Ринат Жұмабаев және Әнуар Ісмағаметовтың қатысуымен шеберлік класы өтеді.
Жарыстың салтанатты ашылуы 18 мамыр сағат 15.00-де «Нұрсәт» теннис орталығында болады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: