Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

БЕЛБЕУ КҮРЕСІНЕН БЕЛСЕНДІЛІК КӨРСЕТТІ

БЕЛБЕУ КҮРЕСІНЕН БЕЛСЕНДІЛІК КӨРСЕТТІАстана қаласында белбеу күресінен 1999-2000 жылдары туылған жасөспірімдер арасында өткен Әлем чемпионатында қызылордалық спортшылар жақсы өнер көрсетті.
Белбеу күресінен облыстың аға жаттықтырушысы Абдусаттар Садықов пен жаттықтырушы Аслан Нұрқожаев жетекшілік жасаған жерлестеріміз облыс үмітін ақтап, жүлделі оралды.
Атап айтсақ, №8 Жаңақорған ауданы олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің тәрбиеленушілері, 48 келі салмақта Диана Ғайбулла, 65 келіде Нұрлан Пайзеллаев пен 95 келіде өнер көрсеткен Нұрберген Алдаберген Әлем чемпионатының қола жүлделерін иеленді.
Айтулы бәсекеге 16 елден келген спортшылар бақ сынасты.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: