Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Қызылордада Рафаэль Надаль болуды армандайтын өрендер бар

Қызылордада Рафаэль Надаль болуды армандайтын өрендер барАстана қаласында теннистен 8-10 жастағы ұлдар мен қыздар арасында  республикалық турнирде еліміздің мықты спортшыларының басын қосқан  республикалық турнир аяқталды. Аталмыш жарыста ұлдар арасында  шеберлік байқасқан жерлесіміз Жақас Қозбақ турнир жеңімпазы атанды. 
Ол бес кездесу өткізіп, бесеуінде де қарсыластарынан басым түсті. Облыстың бірнеше мәрте чемпионы атанып, республикалық жарыстарда жақсы нәтиже көрсетіп жүрген Жақас аталмыш спорт түрімен 7 жасынан бастап шұғылданып келеді. Ол енді үстіміздегі жылдың наурыз айында Дубайда өтетін халықаралық турнирде облысымыздың намысын қорғайтын болады. «Нұрсәт» теннис орталығында тәлім алатын Жақастың бапкерлері  -  Нұрлан Жұрымбетов пен Дмитрий Денисеня. 
Сондай-ақ, 28 ақпан мен 1 наурыз күндері Оңтүстік Қазақстан облысында болатын ашық чемпионатқа облыстың құрама командасы дайындық үстінде. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: