Бокстан Еуропа чемпионы командадағы әріптесін ұрып, комаға түсірген
Бокстан Ресей ұлттық құрамасының мүшесі Бассир Мирсиябов 2013 жылғы Еуропа чемпионы Никита Ивановпен төбелесіп, салдарынан ауыр халде ауруханада жатыр деп жазады РЕН ТВ. Бұл жөнінде nur.kz жазды.
Басылым мәліметінше, спортшы жасанды комаға жатқызылып, тыныс алу аппаратына қосылған.
Жақын уақытта оны Инза қаласындағы ауруханадан Ульяновскке жеткізу жоспарланып отыр.
Бұған дейін Baza Telegram арнасы Иванов пен Мирсиябов арасындағы төбелес пойызда орын алғанын хабарлаған, салдарынан екіншісі ауыр жарақат алған. Кейбір БАҚ беттерінде екі спортшының да мас болғаны айтылған.
Бұл шулы оқиғаға қатысты Ресей бокс федерациясы пікір білдіріп, рингтен тыс жерде күш қолдануды "ерсі әрекет" деп бағалаған. Сонымен қатар Ивановтың ұлттық құрама мүшесі емес екенін атап өткен.