Бүгін, 3 сәуірде футболдан бірінші лига командалары арасындағы ел біріншілігі жалауын көтерді. Үстіміздегі жылы доп додасында барлығы 13 команда сынға түседі. Олардың қатарында Қызылорданың "Байқоңыр" клубы да бар.
Бүгін елордада Астананың "Байтерек" командасымен Семейдің "Спартагы" жасыл алаңға шығып, қонақтар 5:0 есебімен басым түсті. Бұл ойында қызылордалық Данияр Сахи бас төреші болса, оған Петропавл қаласынан келген Артём Завгородний мен Рустам Бейжанов көмекшілік етті. Инспекторлықты астаналық Николай Дрютов атқарды.
Алғашқы турдың қалған ойындары ертең, 4 сәуірде өткізіледі. Бұл күні "Байқоңыр" Шымкентте "Қыранмен" шеберлік байқасады. Аталмыш кездесуде бас қазы міндеті Сарань қаласының өкілі Дмитрий Быстров жүктелген, оған көмекші ретінде жерлесі Илья рылов пен атыраулық Артём Волков тағайындалған.
Қалған ойындарда бас қазы мен оның көмекшілері төмендегіше:
1 тур
3 сәуір (жұма)
Каспий – Қызылжар
Төреші: Болат Сариев (Орал), Нұржан Жүнісов, Саят Қарабаев (барлығы – Астана)
Қосалқы төреші: Айкен Жумалиев (Ақтау)
Инспектор: Қасымжан Мадиев (Астана)
Мақтаарал – Лашын
Төреші: Еркен Жантуғанов, Азамат Ахметов (екеуі – Қызылорда), Никита Мортин (Ақтөбе)
Қосалқы төреші Дмитрий Хасап (Шымкент)
Инспектор: Геннадий Камчатный (Алматы)
Екібастұз – Восток
Төреші: Георгий Чеховский, Ахмет Касенов (екеуі – Астана), Ринат Якбаров (Семей)
Қосалқы төреші: Дмитрий Белоградов (Павлодар)
Инспектор: Игорь Хисамутдинов (Павлодар)
Булат-АМТ – Ақжайык
Төреші: Тимур Кумашев (Астана), Максим Панин, Иван Гриценко (екеуі – Қостанай)
Қосалқы төреші: Иван Филатов (Сарань)
Инспектор: Александр Павленко (Қостанай)