«Қайсар» футбол клубы негізгі құрамының ойыншылары Рамиль Нұрмұхаметов, Мартин Кляйн, Думан Нәрзілдаев және Жасұлан Молдақараев «Қайсар» футбол орталығының жеткіншектерімен бірге ашық жаттығу өткізді.
«Локомотив» стадионында өткен жаттығуды сырттай клубтың бас бапкері Федор Щербаченко бастаған бапкерлер алқасы да бақылап, жеткіншектердің ойындарын сүйсіне тамашалады. Ал футболшылар 2001-2002 жылғы жеткіншектерге білгендерін үйретіп, бір жарым сағат бойы солармен бірге доп тепті.
Назарларыңызға «Қайсар» футболшыларының жеткіншектерімен бірге өткізген ашық жаттығуынан бейнешолу ұсынамыз: