Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Жасөспірімдер арасында футбол жарыстарын ұйымдастыру мәселелері талқыланды

Жасөспірімдер арасында футбол жарыстарын ұйымдастыру  мәселелері талқыланды	 "Астанада, ҚФФ офисінде 2015 жылы өтетін жасөспірімдер арасындағы футбол жарыстарын ұйымдастыру  мәселелері  бойынша жиын өтті" деп хабарлайды Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі.   
Басқосуға Премьер-Лига мен Бірінші лига клубтарының жасөспірімдер футболын дамыту бағдарламаларының жетекшілері қатысты.
ҚФФ вице-президенті С.Байшақов барлық қатысушыларды жаңа маусыммен құттықтап, жарыстардың ұйымдастырылуына сәттілік тіледі.
ҚФФ спорт директоры Қ.Мұсатаев футбол орталықтары басшыларының алдына қойылған жаңа талаптармен таныстырды. Футбол клубтарын сертификациялау ережелеріне сай футбол орталықтары еліміздің барлық облыс орталықтарында жұмыс жасауы тиіс. Биыл Көкшетау, Ақтау және Петропавловск қалаларында футбол орталықтары ашылмақ.
Ал, ҚФФ балалар және жасөспірімдер футболы бөлімінің жетекшісі С.Кенетаев жергілікті жерлердегі жарыстарды өткізу мен ұйымдастыру ережелеріне тоқталды. Жаңа маусымда футбол орталықтары мен ҚР біріншілігі академияларында 12-18 аралығында 7 жас категориясы бойынша турнирлер ұйымдастырылады. Бірінші лиганың жасөспірімдер командалары арасында үш жас категориясы (14, 15 және 16 жас) бойынша жарыстар өтеді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: