Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

АДАМ НАВАЛКА: ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫН ЖЕҢУ ОҢАЙҒА ТҮСПЕЙДІ

АДАМ НАВАЛКА: ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫН ЖЕҢУ ОҢАЙҒА ТҮСПЕЙДІФутболдан 2018 жылы Ресейде өтетін Әлем Чемпионатының іріктеу турнирінде Қазақстан құрамасы алғашқы ойынын Польша футболшыларымен өткізеді. Бұл жөнінде Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі мәлім етті.
Бүгін «Астана Арена» стадионының баспасөз залында Польша құрамасының бас бапкері Адам Навалка мен құрама ойыншылары Гжегож Крыховяк, Петр Зелински және Аркадиуш Милик журналистер сауалына жауап берді.
Біздің футболшылар Еуропа чемпионатында жақсы нәтиже көрсетті. Енді осы қарқынды түсірмей, әрі қарай дамуға тырысамыз. Ертең Қазақстан құрамасын өтетін ойын оңайға түспейтіні анық. Сағат белдеуінде айырмашылық бар. Бүгін-ертең тыңғылықты дайындаламыз. Бүгінгі жаттығудан кейін негізгі құрамда алаңға шығатын футболшылар белгілі болады.
Біз қарсыластың ойынын талдаймыз. Дегенмен өзіміздің ойын жүйемізге баса мән береміз. Қорғанысқа көп көңіл бөлеміз. Жасанды алаңға келсек, біздің футболшыларға ойнауға болмайды деген мәселе көтерілген жоқ, - деді Польша құрамасының бас бапкері Адам Навалка.
Еске сала кетейік, Қазақстан мен Польша құрамалары арасындағы матч ертең, 4 қыркүйек күні сағат 22:00-де басталады.
 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: