Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

«Қайсар» футболшылары ерекше номинациямен марапатталады

  «Қайсар» футболшылары ерекше номинациямен марапатталады«Қайсар» футбол клубы жанкүйерлермен бірлесе команда футболшыларын ерекше номинациялармен марапаттамақ. 
 Клубтың ресми сайтының Сауалнама бөлімінен бірнеше номинациялар бойынша өз үздіктерін анықтайды. Сауалнама 6 қараша, яғни бейсенбі сағат 14:00-ге дейін жалғасады. Ал қорытындысы 9 қараша күні «Қайсар» футбол клубының маусымды қорытындылау салтанатты кешінде жарияланады. «Сауалнама» айдары сайттың бас бетінің оңжақ төменгі бөлігінде орналасқан.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: