Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

ҚЫЗЫЛОРДАНЫҢ БОКСШЫ ҚЫЗДАРЫ ҮШІНШІ ОРЫН АЛДЫ

ҚЫЗЫЛОРДАНЫҢ БОКСШЫ ҚЫЗДАРЫ ҮШІНШІ ОРЫН АЛДЫ Оңтүстік Қазақстан облысы Шымкент қаласында  Қазақстан Республикасының 4-ші Жастар спорт ойындары аясында бокстан жарыстар өтті. 
Оған Астана, Алматы қалалары мен еліміздің 12 облысынан 100-ге жуық 1999-2000 жылдары туылған жас боксшылар қатысты. 
Спорт ойындарында облысымыздың қыздар құрамасы жалпыкомандалық есепте үшінші орынды еншіледі. Айтулы сайыста Қызылорда, Қазалы қалалары мен Қазалы аудандарының спортшылары команданың алға шығуына өз үлестерін қосты. Айтап айтсақ, 81 келі салмақта сынға түскен Таңшолпан Әлиева күміс жүлдеге қол жеткізді. Гүлжанат Оңдаш (54 келі), Назерке Бақыт (57 келі), Ғалия Толыбай (69 келі), Таңшолпан Жақанбай (75 келі) және Мөлдір Раушанбек (+81 келі) қола жүлдеге ие болды. 
Спортшыларды жарысқа Бақытбек Құлбаев, Шахноза Исаханова, Айдос Өмірбеков және Жәнібек Аралбаев дайындады.  Дүбірлі бұл дода енді  26 сәуір – 4 мамыр аралығындаАқмола облысының  Щучье қаласында  ұлдар арасында өтетін сайыстармен жалғасады. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: