Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

"Қайсар" "Қайратты" 2011 жылдан бері жеңе алмай келеді (ВИДЕО)

"Қайсар" "Қайратты" 2011 жылдан бері жеңе алмай келеді (ВИДЕО)

 

Қызылорданың "Қайсары" футболдан Премьер-лига командалары арасындағы Қазақстан біріншілігінің 10-турында өз алаңында Алматының "Қайратымен" 0:0 есебімен тең ойнады. 
Бұл екі команда арасындағы ел біріншілігі мен Қазақстан кубогы ойындарындағы 48 кездесу саналады. Екеуара жекпе-жекте алматылық ұжымның қоржыны қомақты. "Қайрат" "Қайсарды" 23 мәрте тізе бүктіріп, біздің қақпаға 69 доп соққан. Ал "Қайсар" олардан небәрі 12 ойында айласын асырып, бар-жоғы 39 доп қана доп соққан. Сондай-ақ, 13 ойын тең аяқталды. 
Айта кетерлігі, жерлестеріміз "Қайратты" 2011 жылдан бері жеңе алмай келеді. 2011 жылдың 25 маусымында Қызылордадан өткен кездесуде "Қайсардың" сол кездегі шабуылшылары Иван Перич пен Филипе Эдейпо соққан екі допқа алматылықтар жауап қайтара алған жоқ. Есеп 2:0. 
Содан бергі 9 ойында екі команда 4 мәрте тең ойнаса, қалғанында "Қайрат" жеңіске жетті. 
"Қайсар" - "Қайрат" 0:0
Ескерту алғандар: Цой 28 - Қуат 41, Маркович 87.
"Қайсар": Прядкин, Кляйн, Митошевич, Цой (Балымбетов 90), Ирисметов, Мулдаров, Балтаев, Мужиков (Нұрдәулетов 87), Шестаков, Струков (Нехтий 71), Юнузович.
Қосалқы құрам: Нұрмұхаметов, Нәрзілдаев, Скорых, Алтынбеков.
"Кайрат": Плотников, Маркович, Рудосельский, Қуат (Дарабаев 88), Плиев, Гурман, Бакаев, Исламхан, Исаэль (Риера 75), Гоу, Лунин (Сержиньо 84)
Қосалқы құрам: Грошев, Дарабаев, Ли, Қуантаев, Сисей.
Төрешілер: Антонов (Павлодар), Дерцапф (Орал), Шәріпов (Атырау).
3 мамыр. Қызылорда. .Ғани Мұратбаев атындағы стадион.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: