Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

АРАЛДА ЭСТАФЕТАЛЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ

АРАЛДА ЭСТАФЕТАЛЫҚ ЖАРЫС ӨТТІ9 мамыр – Жеңіс күні мерекесінде Арал қаласының Бақтыбай батыр көшесі бойымен соғыс және еңбек және спорт ардагері И.Д.Шульга атындағы дәстүрлі жеңіл атлетикалық эстафетасы өтті. 
Жарыс нәтижесі бойынша 8-9 сынып арасында 1-орынға №220 мектеп, 2-орынға №83 мектеп, 3-орынға №14 мектептің оқушылары ие болды.10-11 сыныптар арасында 1-орынға №220 мектептің, 2-орынға №14 мектептің,3-орынға № 83 мектептің оқушыларының еншісіне бұйырды. Сондай-ақ Кәсіпорын, мекеме қызметкерлері арасындағы жарыста 1- орынды "Спартак" спорт клубы қоғамдық бірлестігі, 2-орынды Көпсалалы колледж, 3-орынды индустриялық техникалық колледж қызметкерлері иеленіп жеңіс тұғырынан көрінді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: