Дмитрий Огай, «Қайсар» ФК бас бапкері: Қонақтар қақпасының кілтін таба алмадық
"Қайсар" командасының бас бапкері "Қайсар" мен "Атырау" командалары арасындағы ойыннан кейін екі клуб қанша шабуылдағанымен, қаншама мүмкіндіктің пайдаға жарамағанын тілге тиек етті.
– Бұл ойын маған бірінші тур аясындағы «Қайсар» - «Жетісу» кездесуін елестетті. Ол ойында да екі команда қанша жерден шабуылдағанымен гол соға алмай кеткен еді. Өкінішке қарай, бұл жолы да қонақтар қақпасының кілтін таба алмадық.
– Пламен Димов «Қайсардан» кетіп, оның орнына басқа ойыншылар келді деп естідік. Сол рас па?
– Иә, Димов жаттығу кезінде өте ауыр жарақат алып қалды. Маусымның соңына дейін алаңға шыға алмайды. Сөйтіп, трансферлік терезенің жабылуына үш күн қалғанда шұғыл түрде ойыншы іздеуіміз қажет болды да, орнына Фук Митошевичті алдырттық. Әлбетте, бүгін мен оны бірден бірінші минуттан алаңға шығарып жібергім келді. Бірақ ойлана келе алдымен Қазақстан футболының атмосферасына бейімделсін деген шешімге келдім. Сондай-ақ, «Қайраттан» жалға Сергей Кейлерді алдырттық.