Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

"Қайсардың" 3 қарсыласы анықталды

"Қайсардың" 3 қарсыласы анықталдыҚызылорданың "Қайсары" алдағы күндерде Түркияға кезекті оқу-жаттығу жиынын өткізуге аттанады. Әзірге бұл дайындық барысында жолдастық кездесу өткізетін үш команда белгілі болып отыр.
Біздің футболшылар Украинаның Запорожье қаласының "Металлург" командасымен 29 қаңтар күні жасыл алаңға шығады. Команданың құрылғанына биыл тұп-тура 80 жыл толады. Олар 12 мыңға адамға арналған "Славутич-Арена" стадионында ойын көрсетеді. Қазіргі таңда Украинаның Премьер-лигасында ойнайды. 
Жерлестеріміз 1 ақпанда Арменияның "Улисс" клубымен шеберлік байқасады. Команда 2014 жылы құрылған.  Бүгінгі таңда өз елінің Премьер-лигасында ойын көрсетіп жүр. 
"Хасково-2009" 1957 жылы құрылған. Хасково қаласындағы 2 мыңға арналған стадионда ойын көрсетеді.  2013-2014 жылдарда  кәсіби  "Б" футбол тобында 2-ші орын алған. Қазіргі таңда Болгарияның басты футбол жүйесі "А" кәсіби футбол тобында ойнайды. 
Команда 1957 жылы алғаш ДФС "Димитър Канев" деген атаумен құрылған.  "А" кәсіби футбол тобында 1978/79, 1981 және1984, 1990/91 және 1992/93 жылдар аралағында ойын көрсеткен. Бұл топтағы ең жоғарғы жетістігі – 1981-1982 жылдардағы 8-ші орын. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: