Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Чемпиондар лигасының алғашқы екі кезеңінің жеребесі тартылды

Чемпиондар лигасының алғашқы екі кезеңінің жеребесі тартылдыБүгін, 22 маусымда Швейцарияның Ньон қаласында футболдан 2015-2016 жылғы Чемпиондар лигасының алғашқы екі кезеңінің жеребесі тартылды. Біз бұдан бұрын "Астана" командасының Словенияның "Марибор" клубымен жұп құрағанын хабарлаған едік. 
Енді қалған командалар кімдермен жұп құрады? Осы жөнінде тоқтала кетелік. 
Бірінші іріктеу кезеңі (30 маусым/1 шілде және7/8 шілде)
"Линкольн" (Гибралтар) - ФК "Санта-Колома" (Андорра)
"Крузейдерс" (Солтүстік Ирландия) - "Левадия" (Эстония)
"Пюник" (Aрмения) - "Фольгоре" (Сан-Марино)
Б-36 (Фарер аралдары) - ТНС (Уэльс)
Екінші іріктеу кезеңі (14/15 шілде және21/22 шілде)
"Хибернианс" (Mальта) - "Маккаби" Тель-Авив (Израиль)
АПОЕЛ (Кипр) - "Вардар" (Mакедония)
"Карабах" (Әзірбайжан) - "Рудар" Плевля (Черногория)
"Сараево" (Босния) - "Лех" (Польша)
"Марибор" (Словения) - "Астана" (Қазақстан)
БАТЭ (Беларусь) - "Дандолк" (Ирландия)
ХИК (Финляндия) - "Вентспилс" (Латвия)
"Митьюлланд" (Дания) - "Линкольн" (Гибралтар)/ФК "Санта-Колома" (Андорра)
"Мольде" (Норвегия) - "Пюник" (Aрмения)/"Фольгоре" (Сан-Марино)
"Мальме" (Швеция) - "Жальгирис" (Литва)
"Селтик" (Шотландия) - "Стьярнан" (Исландия)
"Тренчин" (Словакия) - "Стяуа" (Румыния)
"Партизан" (Сербия) - "Дила" (Грузия)
"Лудогорец" (Болгария) - "Милсами" (Mолдова)
"Фола" (LUX) - "Динамо" Загреб (Хорватия)
"Скендербеу" (Aлбания) - "Крузейдерс" (Солтүстік Ирландия)/"Левадия" (Эстония)
Б-36 (Фарер аралдары)/ТНС (Уэльс) - "Видеотон" (Венгрия).
 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: