"Қайсар" - "Ақтөбе". Қосалқы құрамдардың ойыны Нағи ауылында өтеді
Маусымның 19-ы күні Қызылорда облысы Сырдария ауданына қарасты Нағи Ілиясов ауылында жаңа стадионның ашылуы болады. Ашылу құрметіне орай, аталмыш стадионның алаңында «Қайсар» мен «Ақтөбе» командаларының қосалқы құрамдары Қазақстан біріншілігінің 16-туры аясындағы кездесуін өткізеді.
Ойын сағат 19:00-де басталады. Матч аяқталған соң көрермендерге Сыр өңірі жұлдыздарының қатысуымен концерт қойылады.
«Қайсар» футбол клубы барша жанкүйерлерді «Қайсар» және «Ақтөбе» футбол клубтарының қосалқы құрамдары арасындағы аталмыш ойынға шақырады. Сондай-ақ, Қызылорда қаласының жанкүйерлері үшін арнайы автобустың бөлінетінін де хабарлайды. Автобус жанкүйерлерді сағат 16:30-дан бастап сағат 17:00-ге дейін Қызылорда қаласындағы Ғани Мұратбаев атындағы орталық стадионның оңтүстік бөлігіндегі кассаның маңында күтеді. Автобус сағат 17:00-де жүріп кетеді.