Үстіміздегі жылдың 16-19 қараша аралығында Қызылорда қаласы «Евразия» спорт кешенінде «Ибрайхан и К-ЛТД» ЖШС жүлдесіне арналған 1998-1999 жылдары туылған жастар арасында бокстан республикалық турнир өтеді.
Қазақстан Республикасы Конституциясының 20 жылдығы аясында ұйымдастырылатын турнирге Ресей, Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан елдерінен және еліміздің облыс орталықтарынан 150 дей былғары қолғап шеберлері қатысады. Жарыс 11 салмақта (46, 49, 52, 56, 60 ,64, 69, 75, 81, 91, +91 келі) өткізіледі.
Айта кетейік, дүбірлі бәсеке облыста алғашқы мәрте ұйымдастырылуда. Жарыстың салтанатты ашылуы 16 қараша күні сағат 14.00-де, басталуы 14.30-да.