Бүгін, 13 желтоқсанда ФФК президенті қызметінен кеткен Әділбек Жақсыбеков өз орнына лайықты үміткердің есімін атады. Оған лайықты деп спорт және дене шынықтыру агенттігінің экс-төрағасы Ерлан Қожағапанов танылды.
– Мен Ерлан Қожағапановты ұсынамын. Оның әкімшілік ұйымдастыру жұмыстарында тәжірибесі мол. Спортты жақсы біледі. Қазір ешқандай қызмет атқармайды. Сондықтан уақытының басым бөлігін футболды дамытуға бөледі деп ойлаймын, – деді Әділбек Рыскелдіұлы.