Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Белгілі футболшыға арналған турнир өтеді

Осы аптаның демалыс күндерінде «Евразия» спорт кешенінде футзалдан ардагерлер арасында белгілі футболшы және бапкер Әбіл Қалымбетовті еске алуға арналған турнир өткізіледі. Жарыс биыл екінші мәрте жалауын көтереді.
Турнир ережесі негізінде оған 40-тан асқан азаматтар қатыса алады. Алдын-ала мәлімет бойынша аталмыш сайысқа Қызылорда қаласы мен аудандардан, Ақтау, Байқоңыр қалаларынан командалар келеді деп күтілуде. Футзал додасының ашылуы 31 қаңтарда сағат 10.00-де өтеді. Ал жарыс шымылдығы 1 ақпанда 12.00-де жабылады. Барша жанкүйерлерді турнирді тамашалауға шақырамыз. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: