Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

"Қайсар" футбол орталығының бапкерлер құрамы бекітілді

"Қайсар" футбол орталығының бапкерлер құрамы бекітілді«Қайсар» футбол клубының футбол орталығы Қызылорда футболсүйер қауымын 2015 жылдың жаттықтырушылар құрамымен таныстырады.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылдың басында құрылған футбол орталығының ресми ашылу салтанаты облыс әкімінің орынбасары, Қызылорда облыстық футбол федерациясының Президенті Нұржан Әлібаев пен Қазақстан футбол федерациясы техникалық директорының міндетін атқарушысы Қанат Мұсатаевтың қатысуымен 2014 жылдың наурыз айында өткен болатын. 
Бүгінде орталықта 6 мен 17 жас аралығында 250-ден астам жеткіншектер жаттығады. Сондай-ақ, жыл он екі ай бойы қатысам деуші балалар арасында іріктеулер жүріп отырады. Сондықтан, футболға әуес балаңыз, таныстарыңыздың ұлы болса, «Локомотив» стадионына ертіп келулеріңізге болады.
Орталық жетекшісі – Талғат Сыздықов
1997 жыл - Ерлан Шойтымов
1998 жыл - Қайыржан Әбуов
1999 жыл - Ерлан Махамбедиев
2000 жыл - Әлихан Калиев
2001 жыл - Ислам Жүнісбеков
2002 жыл - Жарқын Жоламанов
2003 жыл - Бекежан Жаңатаев
2004 жыл - Ержан Мәліков
2005 жыл - Ғалым Үмбетбаев
2006 жыл - Мақсат Әли
2007 жыл - Марат Сәрсенов
2008 жыл - Асылбек Ахметов
Қақпашылар бапкері - Артур Ким

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: