Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

УЕФА Чемпиондар лигасы. «Барселона» – чемпион (ВИДЕО)

УЕФА Чемпиондар лигасы. «Барселона» – чемпион (ВИДЕО)Көптен күткен УЕФА Чемпиондар лигасының финалы аяқталды. Биылғы маусымның чемпионы белгілі. Бұл жөнінде "Аламан" порталы хабарлайды.
Европаның биылғы маусымын түйіндеген соңғы ойын.
Алғашқы болып қауіпті шабуылды «Ювентус» ойыншысы Тевес жасаған. Бірақ Штеген қорғаған қақпадан биік кетті.
Бесінші минутта есеп ашылды. Сол қапталдан шабуылға араласқан Неймар айып алаңына кірген Иньестаға пас берді. Иньеста болса жанында ашық қалған Ракитичті көрді. Пас берді, Ракитич Буффон қақпасына гол салды. Иван Ракитичтің финалдағы ойында допқа алғаш аяғы тиген сәт осы еді.
Екінші таймның басында «Ювентус» ойыншылары «Барселона» футболшыларының қателігін ұтымды пайдаланып кетті. Айып алаңында жүрген Тевес «Барселона» қақпасына соққы жасады. Штеген бұл допты қайтарғанымен, қайтып келе жатқан допқа Мората бірінші жетіп гол салып кетті.
Дәл осындай оқиға келесі көріністе де қайталанды. Айып алаңына кіре берсі тұста Месси соққы жасады, Буффон қайтарды, қайтқан доптқа Суарес бірінші жетіп гол салды.
Төреші қосқан соңғы уақыттарда «Ювентус» ойыншылары шабуылдап кетті. «Барселона» болса бір ғана қателікті голға айналдырды. Қарымта шабуылдарда Педро мен Неймардың ұжымдасқан шабуылы голға ұласты.
Таблодағы жалпы есеп — 1:3, «Барселона» жеңімпаз.
«Барселона» биылғы маусымда рекордқа бай. УЕФА Чемпиондар лигасының тарихында бір командадан екі ойыншы он голдан салды. Мергендер тізімінде он голмен Роналду, Неймар және Месси бастады.
Иньестаның орнына алаңға шыққан Хави де жаңа рекорд орнатты. Чемпиондар лигасында ең көп (151) ойын өткізді. Одан кейін «Реал» қақпашысы Икер Касильяс тұр (150 ойын).
«Барселона» жалпы тарихта екі мәрте требл (Алтын хет-трик) жасаған жалғыз команда. «Барселона» осыған дейін 2009 жылғы маусымда Испания примреасын, Кубогын және Чемпиондар лигасын ұтып алған.
Ойынның үздік футболшысы деп андрес Иньеста танылды.
«ЮВЕНТУС» (Италия) – «БАРСЕЛОНА» (Испания) — 1:3 (0:1).
6 маусым. Берлин. «Олимпштадион». Төреші: Джюнейт Шәкір (Түркия).
Голдар: Ракитич 4 (0:1), Мората 55 (1:1), С уарес 68 (1:2), Неймар 90+7 (1:3).
Ескерту алды: Видаль 11, Погба 41 – Суарес 70.
«Ювентус»: Джанлуиджи Буффон, Стефан лихтштайнер, Андреа Бардзальи, леонардо Бонуччи, Патрис Эвра 89 (Кингсли Коман), Клаудио Маркизио, Андреа Пирло, Поль Погба, Арутро Видаль 79 (Роберто Перейра), Карлос Тевес, Альваро Мората 85 (Фернандо Льоренте).
«Барселона»: Марк-Андре тер Штеген, Даниэл Алвес, Херард пике, Хавьер Маскерано, Хорди Альба, Иван Ракитич 90+1 (Жереми Матье), Серхио бускетс, Андрес Иньеста 78 (Хави), Леонель Месси, Луис Суарес 90+6 (Педро), Неймар.


Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: