"Астана" футбол клубы Чемпиондар лигасының плей-офф раундының бірінші матчында АПОЭЛ командасын 1:0 есебімен жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Кездесудегі жалғыз гол 14-ші минутта соғылды. Гол авторы Бауыржан Жолшиев. Ол Фокси Кетевоаманың берген пасынан кейін АПОЭЛ қақпасына баспен соққы жасап, гол соқты. Айта кетейік, кездесу Қазақстан астанасындағы "Астана Арена" стадионында өтті.
Ойынды тікелей эфирде "Таң" телеарнасы көрсетті. Командалар арасындағы қарымта кездесу 27 тамызға қараған түні Никосияда болады.