Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

ОБЛЫСТЫҚ БОКС ФЕДЕРАЦИЯСЫ ҮЗДІК ДЕП ТАНЫЛДЫ

 

Жыл қорытындысы бойынша Қызылорда облысының бокс федерациясы республика бойынша үздік деп танылды. Бұл жөнінде облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының баспасөз хатшысы Лаура Шоңғалова мәлім етті.
Сертификат пен Кубок аймақ федерациясының вице-президенті Қанат Қизатовқа табысталды. Рас, Сыр өңірінде бокс спорты дамып келеді. Біздің аймақтан Руслан Сыбаев, Қамшыбек Қоңқабаев сынды былғары қолғап шеберлері шықты. Олардың ізін басып келе жатқан өрендер де аз емес. Сондай-ақ, республикалық бокс федерациясының қолдауымен жақында Қызылорда қаласында "Тарлан" бокс орталығы ашылды. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: