Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

АРАЛДА ЕРКІН КҮРЕСТЕН АШЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫ

АРАЛДА ЕРКІН КҮРЕСТЕН АШЫҚ ТУРНИР БАСТАЛДЫБүгін Арал қаласындағы Спорттық сауықтыру кешенінде спорт шебері Оңдасын Жанесеновті еске алуға арналған еркін күрестен жасөспірім ер және қыз балалар арасындағы облыстық ашық турнир басталды.
Бұл шараны Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай Арал аудандық денешынықтыру және спорт бөлімі мен №19 Арал АОРМБЖ-нің ұйымдастырды. Жарыстың ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары М.Оразбаев пен Оңдасын Жанесеновтың анасы қатысып, жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жарысқа Арал ауданының ауылдық округтерінен келген палуандардан басқа, Шымкент, Қызылорда, Атырау, Ақтөбе облыстары мен Ембі, Шиелі аудандарынан 200-ге жуық палуандар бақ сынамақ.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: