Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

WSB финалында сынға түсетін боксшылар белгіл

WSB финалында сынға түсетін боксшылар белгілБүкіләлемдік бокс сериясының финалында шаршы алаңға шығатын боксшылардың есімі белгілі болды. WSB тұжырымында чемиондық атақты "Астана арландары" мен "Куба боксшылары" сарапқа салады. 
Сенбі күні "Дәулет" спорт кешеніндегі финалдық сын 49 келідегі Теміртас Жүсіпов пен Оскар Аргилагас арасындағы жекпе-жекпен басталады. 56 келі салмақта Қайрат Ералиев пен Крус Гомес шығады. 64 келіде Самат Башенов Ясниер Толедо Лопеске қарсылас атанды. 75 келіде Мейірім Нұрсұлтанов бар. Ол Арлен Лопес Кардонамен шеберлік байқасады. 91 келіге дейінгі салмақта Василий Левит Эрисланди Савонмен жұдырықтасады. Жексенбінің кешінде "арландар" сапынан Олжас Сәттібаев, Зәкір Сафиуллин, Асланбек Шымбергенов, Нұрдәулет Жарманов, Иван Дычко өнер көрсетеді. Ал, Куба Йосвани Вейтиа, Ласаро Альварес, Иглесиас Сотолонго, Хулио Сесар ла Крус және Тойрак Ортега секілді боксшыларына сенім артыпты. Екі күндік сайыс тең аяқталса, қосымша салмақта Мейірболат Тоитов пен Робейси Рамирес кездеседі. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: