Бүгінгі күні "Қайсар" командасы бас бапкерсіз отыр. Оған үміткер ретінде көптеген мамандардың есімдері аталуда. Солардың бірі – Виктор Пасулько. Бұл жөнінде Seykhuninfo.kz тілшісі республикалық басылымдарға сілтеме жасап хабарлайды.
Украина футболының түлегі жанкүйер қауымға Одессаның "Черноморец", Мәскеудің "Спартак" командалары мен КСРО құрамасы сапындағы ойындары арқылы белгілі.
В.Пасулько Қазақстанға алғаш рет 2010 жылы келіп, Атыраудың "Атырау" клубының тізгінін ұстады. 2011-2014 жылдары араға үзілістер салып Шымкенттің "Ордабасысына" жетекшілік жасады. 2013 жылы "Ордабасы" ел біріншілігінде бесінші орын алды.
Одан бұрын ол Германияның «Юнкерсдорф» (1999-2000, 2007), Молдова құрамасының (2002-2005), Әзірбайжанның «Хазар-Ленкорань» (2005-2006) және Өзбекстанның «Шуртан» (2008-2009) командаларын жаттықтырды. 2014 жылдан бері Италияның Д сериясында ойын көрсететін "Орландино" командасына бапкерлік жасап келеді.