Үстіміздегі жылдың 3-11 тамыз аралығында Оңтүстік Кореяның Сувон қаласында 8-18 жас аралығында жасөспірімдер арасында шахматтан Азия чемпионаты өтті.
Дүбірлі додаға 16 мемлекеттен спортшылар қатысты. Қазақстаннан 12 спортшы бақ сынасып, тек қана жалғыз медаль қызылордалық Назерке Нұрғалидің еншісінде болды. 12 жасқа дейінгі жасөспірімдер арасында сынға түскен Назерке швейцар жүйесі бойынша классикадан 9 турдан 6 ұпай жинады.
Үстіміздегі жылдың 24 қазан - 7 қараша аралығында Грецияда жасөспірімдер арасында өтетін Әлем чемпионатының алдында 16-28 тамыз аралығында Алматыда болатын Қазақстан кубогының 4-ші кезеңіне № 1 облыстық олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің тәрбиеленушілері Назерке Нұрғали, Самал Әбдуәли, Әсел Серікбай және Сұлтан Аманжолдар қатысып, шеберліктерін шыңдайды.