Бүгін атаулы күн аясында кенттегі май бекеті мөлтекауданындағы көшенің біріне Кеңес Одағының батыры Әнуар Әбутәліповтың есімі берілді.
Шара барысында аудан әкімі Р.Рүстемов майдангерлер есімі ешқашан ұмытылмайтынын, қашанда ұрпаққа ұран ретінде ұлықтала беретінін сөз етті. Өз кезегінде Ұлы Отан соғысы ардагері Шәймерден Сүйіндіков аталы өсиетін айтып, ақбатасын берді.
Айта кетейік, «Ер-Нұр Жетістік» ЖШС-нің жетекшісі, жас кәсіпкер Ерлан Ауанов Кеңес Одағының батырына құрмет ретінде көше атауы жазылған ескерткіш белгіні жеке қаржысына жасап берген.