Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

ҚАЗАҚСТАН МЕН БРАЗИЛИЯ ЖАРЫСТЫ АЯҚТАДЫ

 

Қыркүйектің 21-нен 22-не қараған түні Колумбияда өтіп жатқан футзалдан әлем біріншілігінде Қазақстан құрамасы 1/8 финалдық ойында Испаниямен кездесті. Ойын 2:5 есебімен испандар пайдасына жеңілді. 
Ойын тең дәрежеде өтті деуге болады. Тіпті, таразы басы 2:2 есебімен тең тұрған сәт те кездесті. Дегенмен, одан кейін испандар 3 доп соғып, қорытынды есеп 5:2-ге жетті.  

Дәл осы күні Бразилия құрамасы футзалдан әлем біріншілігінде жарысты жалғастыра алмайтын болды. Олар 1/8 финалдық ойында Иранға жол берді. Бразилия 2012 жылы өткен әлем біріншілігінде чемпион атанған еді.
Ойынның негізгі кезеңі 4:4 есебімен тең аяқталды. Пенальти сериясында ирандықтар мергендік танытты. Есеп 3:2. 
Енді Иран ширек финалда Парагвай құрамасымен кездеседі. Бұл ойын 24 қыркүйекте өтеді.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: